АҚШ мектептері мұсылман мерекелеріне демалыс жарияламақ

АҚШ мектептері мұсылман мерекелеріне демалыс жарияламақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Филадельфиядағы америкалық Mastery Charter Schools ірі мектеп желісі оқу күнтізбесіне мұсылман халқының екі мерекесі – Ораза айты мен Құрбан айт күндерін енгізбек.

Жоғары білім мекемесінің аға оқытушысы және қаладағы білімді дамытудың халықаралық бағдарламасы директоры Амина Джаффар-Качер аталмыш мектеп басшылығының бұл бастамасы қалалар мен штаттағы өзге де мектептерге түрткі боларына сенім білдірді.

«Филадельфияда иммигранттар өте көп. Сол себепті діни конфессия өкілдерінің мүдделерін де ескеру қажет етіледі» дейді ол.

CBS Philly телеарнасының хабарлауынша, ислам дінін мектеп оқушыларының 5-20%-ы ұстанады. Ал Филадельфияда жалпы саны 200 мың мұсылман тұрады.

Айта кету керек, АҚШ-тың бірқатар мектептерінде мұсылман мерекелері демалыс күні ретінде күнтізбеге енгізілген. Мәселен, Нью-Йорк мемлекеттік мектептерінде, сондай-ақ Мэрилендтегі  Монтгомери округы білім мекемелерінде аталмыш мерекелерге демалыс берілген. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: