Шу ауданында мейірім мен руханияттың жарқын көрінісі орын алды. «Айтқұл баба» мешіті мешіт жамағатының және қайырымды азаматтардың ұйымдастыруымен Макаренко мектеп-интернатының 10 оқушысына қыстық жылы күртелер табысталды.
Жылы жүзбен өткен шарада балалардың жүзінен қуаныш пен ризашылық байқалды. Қайырымдылық шарасы «жақсылық жасау – имандылықтың айғағы» деген ұстанымды ұлықтап, қоғамда мейірім мен бауырмалдықтың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



01 Мамыр 2026
14 Зуль-каада 1447

