БАЙЗАҚТА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

БАЙЗАҚТА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті жұма күні  Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Жеңіс ауылында жаңа мешіт ел игілігіне берілді. Игі іс-шара қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, еліміздің амандығы мен жұртымыздың тыныштығы үшін арнайы дұға жасалды. Ашылу рәсіміне қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысының өкіл имамы Асқар Зәкіржанұлы мешіт салудың сауабы жайлы насихат айтты.

«Жаратушы  Раббымыз Құранда «Шын мәнінде, мешіттер Алланікі», – деп айтқан. Иісі мұсылман қауым мешіттерді «Алланың үйі» деп қастерлейтіні сондықтан. Өйткені мұнда жұрт Жаратқан Иемізге құлшылық-ғибадат жасап, жүрек тыныштығын табады, ақыретіне сауап жинайды. Облысымыздың әр түкпіріндегі 400-ге жуық мешітте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері, имамдар елді жақсылыққа, ізгілікке, мейірімділікке, адалдыққа шақырып, үздіксіз уағыз-насихат айтып келеді. Яғни, Алла үйінде айтылатын насихаттың қоғамды тәрбиелеуде, түзетуде маңызы зор. Мешіттеріміздің жанындағы медреселер мен сауат ашу курстары жылына мыңдаған шәкіртті ілім-білім нәрімен сусындатады. Сонымен қатар, азан шақырып, сәбиге ат қою, жас жұбайлардың некесін қию, дүние салған кісінің жаназын шығарып, ақтық сапарға шығарып салу, марқұмдарға Құран бағыштау, дұға ету тәрізді дүниелер де мешіттерде атқарылады. Бұдан бөлек, жабыққанға жігер беру, сүрінгенді сүйеу, адасқанға жол көрсету, мұқтаждарға жәрдемдесу тәрізді істер де Алла үйінде жүзеге асатыны ақиқат», - деді өз сөзінде облыс бас имамы.

Сондай-ақ, Асқар Зәкіржанұлы ауыл тұрғындарын мерейлі сәтпен құттықтап, мешіттің салынуына үлес қосқан азаматтарға алғыс хат табыстап, «Жеңіс» ауылдық мешітінің имамы қызметіне тағайындалған Айдос Ерболұлына Құран Кәрім сыйға тартты.

Айта кетейік, жаңа мешітте бір мезетте 100 адам құлшылығын өтей алады.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: