Қазақ халқында шай дәстүрінің бірнеше түрі кездеседі. Атап айтар болсақ, көңіл шай, күзем шай, бейсенбі немесе жұма шайы, пішпе шай, шашу шай жене тәтті шай. Бұлардың әрқайсысының мағынасы мен өткізудің өзіндік жол жоралғысы бар. Біз солардың ішіндегі тәтті шайға қысқаша тоқталамыз. Тәтті шай дәстүрі халқымызда бірнеше жағдайларда уйымдастырылады. Оны өткі-зудің ең басты себебі екі жастың бас қосуына орай ұйымдастырылуы.
Ертеректе: «ата-ананың келісімінсіз, қызды алып қашып үйленетін кездер де болған. Мұндай жағдайда жігіт жағынан құдалардың алдынан өтіп, яғни кешірім сұрап, келісімге төрт-бес адам барады. Олар арғы-бергі жақтан сөз қозғап, ата-бабалардың салған жолы деп дәлелдеп, қыздың ата-анасы мен туысқандарының бетін бері қаратып, жігіттің ауылына шақыратын болған, оларға кең дастарқан жайған. Бул рәсім «тәтті шай» деп аталады. Демек бұл атына сай, құда- құдағилармен танысу, білісу, келісім, ынтымақ шайы. Мұнда жақсы тілектер айтылып, алдағы той жайы әңгіме болады. Тәтті шай ренжіскен адамдарды татуластыруға беріледі, деп түсіндіріледі. Осы орайда, қазір қызды алып қашып кету арқылы оған үйлену мүлде құпталмайтын іс екендігін тіпті заңмен қатаң тыйым салынатындығын айта кеткеніміз жөн.
Соңғы кездері тәті шай дегенде халық арасында көп тараған түрі тойға дейін екі жастың ата-анасы және басқада бірнеше адам болып той мәселесін нақтылау үшін күйеу жігіттің ата анасы ұйымдастыратын танысу әрі сөзі жарасқан екі жасты үйлендіру мәселесін ақылдасып, кеңесу шайы ретінде қарастыруға болады. Осы кездесу тәтті шай кезінде екі тарап барлық мәселені мүмкіндігінше келісіп, өзара шешіп алуға тырысады. Бұл өте маңызды бас қосу. Себебі бұл алдағы екі жастың некелесіп үйленуі кезінде атқарылатын салт-дәстүрлер мен әде-ғұрыптарды іске асыру кезінде кикілжіңнің, түсініспеушіліктің, ұрыс жанжалдың алдын алуға тікелей септігін тигізеді. Сондықтан мұны өзара келісім шайы деуге болады.
Ислам діні татулықты ынтымақты, туған-туыс, бауыр, құда-жекжат, көршілір арасындағы қарым қатынастың жақсы болуын, өзара ауызбіршілікті арттыруды қолдап, құптайды.
Ислам діні ер мен әйелдің некелесіп заңды жолмен үйленуін ыңғайластырады. Отбасы құрып, жеке шаңырақ көтеру аса жауапты әрі ауыртпалығы мол іс. Жаңа көтерген жас жаңырақтың бақытты өмір сүруі тек ерлі зайыптылардың ғана емес, сонымен қатар ол екеуінің ата-ана, туған- туыстарының да қолдауын қажет етеді.
Термизиден риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
“Әйелдердің сендерге қатысты міндеттері бар. Сондай ақ сендердіңде әйелдеріңе қатысты міндеттерің” - бар деген. Сондықтан ерлі зайыптылар бірін бірі сыйлап, өзіне жүктелген міндеттерді толық атқарғаны жөн.
Қуаныш Түзелбеков
Тұрар Рысқұлов ауданы бас имамы