Қасиетті «үш ай» - Режеп, Шағбан, Рамазан айларын қамтитын уақыт берекелі руханият кезеңі болып келеді. Біздің дініміз бойынша, бұл айларда діни түсініктеріміз артып, мейірім, мәрхамат, жәрдемдесу және қолғабыс сезімдеріміздің жоғары деңгейге жететін құтты мезгілі.
Осы үш айда жаратылыс мақсатымызды ойлау, Жаратушы және жаратылыспен байланыстарымызға көз жүгірту үшін табылмайтын мүмкіндік. Қасиетті түндер болып саналатын Рәғайып, Миғраж, Бәрат және Қадыр түндерін қамтитын бұл үш ай, өзімізді бақылау және бағалаудың, құлшылықтарымыз және шүкіршіліктерімізді арттырудың, бір рет болса да өткен күнімізге есеп жасап, болашақ өмірге әзірлік жасаудың дәнекері.
Режеп айы басталғанда сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дұға еткен: «Ей, Аллаһым! Режеп пен шағбанды бізге мүбарак еткейсің. Бізді рамазанға қауыштыра гөр».
Сондай – ақ, келесі бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Режеп Алланың айы, шағбан менің айым, рамазан үмметімнің айы».
Естеріңізге сала кетейік, осы жылы Режеп айы біздің күнтізбеміз бойынша 8 сәуірде кіреді.
hibatulla.kz


13 Қаңтар 2026
24 Раджаб 1447

