Хабарландыру: Қыздар арасында республикалық Құран сайысы!

Хабарландыру: Қыздар арасында республикалық Құран сайысы!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ бастамасымен 2016 жылдың 4-6 мамыр күндері Алматы қаласында тұңғыш рет I республикалық әйелдер арасындағы Құран жарысы өтпек.

Осыған орай, I республикалық әйелдер арасындағы Құран жарысына Жамбыл облысы бойынша қатысуға ниет білдіруші үміткерлерді (қыз балалар) іріктеу жүріп жатыр.

Құран жарысына қатысуға ниетті Тараздық әйелдер мен қыз балалар ү.ж. 18-сәуіріне дейін тіркеле алады. Барша құран жаттаған әйел жамағатын жарысқа қатысуға шақырамыз! Еске сала кетейік, мешітке келіп тіркелгендерге арнайы дайындық жүргізіледі.

Ескерту:
– Қатысушының Құранды жатқа айтуына, тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
– Қатысушы талапкер алдын-ала тіркелуі қажет;

– Қатысушы ҚР азаматы болуы тиіс.  

Тіркеу орны: Тараз қаласы, «Һибатулла Тарази» мешіті.

Жауапты: Алдасаева Гүлжан, Үсенова Зейнеп.

Байланыс тел.: 8 707 254 32 82, 8 \7262\ 571864 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: