Аудандық “Қаратау Қажы би” Орталық мешітінің имамы Ұзақов Азамат жамағатқа тәңіршілдік идеологиясы туралы насихат айтып өтті.
Азамат имам бұл дүниетанымның ислам дінімен еш үйлеспейтінін түсіндіріп, мұндай көзқарастардан сақ болуға шақырды. Сонымен қатар, мұсылманның сенімі тек Алла Тағалаға негізделуі керектігін атап өтті.
“Қаратау Қажы би” орталық мешітінің баспасөз қызметі.