Бүгін "Байтоқты баба" мешітінің имамы Оспанов Бақдәулет жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шығарған "Дін мен дәстүр" кітабынан сүндетке отырғызу (сүндеттеу) жөнінде насихат айтты.
Бақдәулет имам сүндетке отырғызудың шариғаттағы орны мен маңыздылығына тоқталып, бұл амалдың мұсылман баласы үшін тәрбиелік әрі діни тұрғыда маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ ол халқымыздың бұл дәстүрді ғасырлар бойы діни құндылық ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқанын мысалға келтірді.
"Сүндетке отырғызу - Пайғамбарымыздың сүннеті. Бұл — мұсылман ер баласының балиғат жасына дейін орындауы тиіс амалы. Сонымен қатар, бұл — қазақ халқының байырғы салт-дәстүрімен біте қайнасқан діни ғұрып", – деді имам. Іс-шара соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, келелі әңгіме өрбіді.
"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі.