Профессор Джеки Йинг кім?
Тайваньдық ғалым әйел профессор Джеки Йинг нанотехнология саласына негізделген Сингапур институтының негізін қалаушылардың біріне жатады.Ол биоинженерия және нанотехнология саласы бойынша ең мәшһүр ғалымдарының қатарында жатады. Нанотехнологияның дамуына өз үлесін қосқан тұлға.
Профессор Джеки Йинг осы салада көптеген зерттеулер жүргізіп жүріп, кенеттен Құран Кәрімдегі бір аяттан қатты әсер алып қалады...
Бұл өмірге не мақсат үшін келгенбіз?...
Ғалым әйел Джеки Йинг айтады:"Шамамен 10-11 жасымда өмірдің ақиқаты жайлы көп ойлана беретінмін.Бұл өмірге не үшін келдік? Нендей мақсатпен келдік? Көздегеніміз не? деген сияқты сауалдарды тынбастан, іштей өз өзіме қоя беретін едім. Көп кітаптар оқи беретінмін, ақыр соңында Ислам дінін үйрене бастадым...".
...насрани (христиан) отбасында туылған...
Джеки Йинг 1966 жылы Тайваньда христиан отбасында дүниеге келеді.Алғашқы білімді Сингапурде алған. 15 жасында ата-анасымен бірге Нью-Йоркке көшіп, қалған білімін сонда жалғастырады.Нью-Йорктегі Купертино университетінің инженерлік саласы бойынша бакалавр дәрежесін алып, кейін Нью-Джерсидегі Принстон университетінде магистратураны тәмәмдайды.Осы оқу орнының химиялық - инженерлік пәнінің phd докторонтурасын қорғап, бітіріп шығады.
Одан кейін АҚШ тың ең терең білім ордасы аталған Массачусетс технология институтында дәріс бере бастайды.
Дінге деген мақсат оянды...
Джеки Йингті жер бетіндегі түрлі ұлттардың мәдениеттері және олардың ұстанған діндері қызықтыра бастады.Оның бойында адамдардың Құдай алдындағы қойған мақсаттары жайлы қызығушылық оянды.Осылардың барлығын зерттеу үшін, анықтау үшін, діни дереккөздер арқылы біліп салыстыру үшін біраз уақытын сарп етті.
Күндердің бір күнінде ол Құран Кәрімдегі төмендегі мына бір аяттқа көзі түседі:
"...әр жанды нәрсені судан жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ сенбей ме?". (Әнбия сүресі, 30 аят)
Осы аят оның ішкі жан дүниесін қатты тебірентеді.Мұндай анық ақиқат сонау VII ғасырдан бері айтылып келе жатқанына таң қалып, одан да ары терең білгісі келіп, Исламды терең үйренуге кірісіп кетеді.
Әрбір тірі нәрсе - судан.
Заманауи зерттеулер кейбір организмдердің, яғни адамның денесінің 90% пайызын, үлкен денелердің 60% пайызын су құрайтынын растайды.
1945 жылы зерттеуші Мишель адам бойындағы, соның ішінде айтар болсақ ми мен жүректің 73 % пайызы, өкпенің 83 % пайызы, терінің 64 % пайызы, бүйректердің 79% пайызы, сүйектердің 31% пайызы судан тұратынын анықтаған.Бұл мәліметтер тіршілік иелері үшін судың өте маңызды рольге ие екендігін растауда.
Жалғыз Жаратушы Ол - Алла.
Нәтижесінде профессор Джеки Йинг жоғарыдағы айтылған ақиқаттар мен мағлұматтардың барлығы Құранда баяндалғанына көзі жетіп, өз ойын қорытындылай келе 35 жасында Ислам дінін қабылдайды. Ол ол сөзінде: "Егер айналамыздағы мұхиттар мен өзендер, жан-жануарлар мен өсімдіктер болмаса да, тым болмаса өзіміздің тұла бойымыздағы осыншама құндылықтардың (ағзаларымыздың) қалай жаратылғанына бір сәт зер салып, ой жүгіртетін (тәфәккур) болсақ көптеген мұғжизаларды көруіміз мүмкін. Олардың ешбірі өз-өздерінен пайда болған жоқ", дейді профессор ғалым әйел Джеки Йинг.
Қорытынды ретінде айтарымыз, бір ғана аяттың ақиқатынан адам сенімін дұрыстап, Хақты танып жатыр, иманға келіп жатыр. Бұл ғалым әйелдің келтірген имани сенімін дінімізде "Тахқиқи иман" дейді. Тахқиқи иман дегеніміз – дәлелдер арқылы Алланың бар және бір екендігіне иман келтіру. Сондай-ақ, Алланың жер бетіне жіберген діні ислам дінін барлық жағынан шынайы деп қабылдай отырып иман етуді айтады. Ал Біздер ше? Шүкір, Түп арғы бабаларымыздан бастап мұсылман болып саналатын имандылардың ұрпақтарымыз, ендеше сол асыл-жауһар имани сенімдерімізді одан да ары нығайтып, пендешілігімізді орнына қойып, Алланың алдында әркез шынайы тәубе етуіміз керек. Ең үлкен байлық, әрі ең үлкен қазына болып саналатын жүректегі иманымызды күшейтіп, Раббымыздың разылығын табайық. Алла баршамызды ойы азат, жаны таза иманды құлдарының қатарынан етсін! Алла баршамыздың жүрек көздерімізді ашсын!
Үмбет Сабырханов
"Әл-Хақ" мешітінің имамы
Тұрар Рысқұлов ауданы