Аса ауылы, "Домалақ ана" мешітінде Бесағаш ауылы, "Бесағаш" мешітінің азаншысы Азамат Сабыр келген жамағатқа "Суицид - рухани дерт" тақырыбында уағыз айтты.
Өзіне зұлымдық жасау, қол жұмсау, зиян келтіру шариғатымызда тыйым салынған істерден екендігі жеткізілді. Алла Тағала Құранда: "Бір адамды (еш себепсіз) өлтірген адам бүкіл әлемдегі адамдарды өлтіргенмен тең. Бір адамды аман сақтап қалған адам бүкіл әлемдегі адамдарды аман сақтап қалғанмен тең" - деп басқаға зиян келтіру немесе аман сақтап қалу өзгеге қатысты болған нәрсе еді.
Ал өзіне қаншалықты жақсылық ойлап өмірін ізгілікпен толтыру одан әлде қайда артық және абзал екендігі насихатталды.


27 Қазан 2025
5 Джумада-авваль 1447

