ЕЛГЕ БІЛІМДІ МАМАН, БІЛІКТІ ИМАМ КЕРЕК

ЕЛГЕ БІЛІМДІ МАМАН, БІЛІКТІ ИМАМ КЕРЕК

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам діні – ғылым мен білімнің діні. Ислам діні алғаш насихатталғалы бері мұсылмандарды ғылым-білімге шақырумен келеді. Сондықтан Қасиетті Құранның 719 жерінде ғылым, білім туралы бекер айтылмаса керек. Құранның адам баласына түсірген бірінші сөзі – «Оқы!» екені де кездейсоқтық емес.

Қазіргі қоғам адамнан прогрессивті ойлай  алатын, белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Біздің елімізде жаңаша  білім беруде әлемнің алдыңғы қатарлы  мемлекеттерінің қатарына  ену мақсатында түрлі  шаралар атқарылуда. Бүгінгі білімді жетілдіру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің қабылетін сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін тануға ықпал етуі тиіс.

Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті, жан-жақты, кез кезген өзіндік түсінігі бар дін өкілдерін, яғни имамдарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді имам болу үшін — әрбір имам өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.

Білімі жетік, көп оқыған адамның басқа білгені аз адамдарға қарағанда жоғары екендігіне «Айтшы: білгендер мен білмегендер тең бола ма?», - деген Құран аяты дәлел («Зүмәр» сүресі, 9). Сондай-ақ, Құран Кәрімде: «Айтқын: уа, Раббым, менің  ғылым-білімімді артыра гөр!» деп дұға ету талап етіледі («Таһа» сүресі, 114-аят). Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылмандарға білім алу парыз екендігін айтып, білім алуға және оны әрдайым жетілдіріп отыруға шақырған. Әбул Әсуад: «Ғылымнан бағалы нәрсе болмайды. Өйткені сұлтандар адамдарға басшы, ал ғалымдар сұлтандарға басшы», – дейді. Ал, Абай атамыздың көзқарасы бойынша, өмірде мақсатқа жеткізетін нәрсе — оқу-білім мен үнемі ізденіс. Көп оқып, көп білген еш уақытта артық болмайды, керісінше, сол арқылы кедергілердің кілтін табуға болады.

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім. — деп ақын өзінің ғылым жолына кеш келгеніне өкініп, халықты білім алуға, оны жетілдіруге шақырады.

Қазіргі таңда еліміздегі діни ахуалдық жағдайға қатысты имамдарға артылар сенім де, үміт те мол. Сол себепті ҚМДБ-ның ұйымдастырумен Республика көлемінде имамдардың білімін жетілдіру үшін көптеген курстар және сұрақ-жауап түріндегі оқу семинарлары ұйымдастырылып отырады. Ол өз кезегінде еліміздегі имамдардың білімін жетілдіруге, әлеуетін көтеруге, қазіргі қоғамда кездесетін күрделі жайттарға қатысты мәселелердің шешімін табуға септігін тигізеді.

Ендеше Алладан дүние және ақырет істеріміздің қайырлы болуын және білім-ғылым жолын жалғастыру беруімізді тілейміз!

 

Байзақ ауданы,

Сарыкемер ауылы

«Ар-Рахман» мешітінің имамы

Г.Досмұхаммед

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active