Қордай аудандық орталық мешітінде жұма намазына келуші жамағатқа ерекше құрмет көрсетілуде. Жаздың аптап ыстығында мешітке бас сұққан жамағатқа мешіт әкімшілігі мен демеушілердің қолдауымен балмұздақ таратылып келеді.
Бұл игі дәстүр әр жұма сайын тұрақты жалғасуда. Жамағат дәмді балмұздақпен шөл басып, мешіт тарапынан көрсетілген осы қамқорлық пен жанашырлық үшін шынайы ризашылықтарын білдіруде.
Игі амал – жүрекке жылулық, жамағатқа қуаныш сыйлайды. Мұндай сауапты істер жамағаттың мешітке деген ынтасын арттырып, ізгілік пен ауызбіршілікке үндейді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірлердегі осындай бастамалары – имандылық пен бауырмалдықтың айқын көрінісі.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



28 Қазан 2025
6 Джумада-авваль 1447

