Бостандық ауылында “әйел және отбасы” атты рухани танымдық іс-шара өтті. "Төртбай ата" мешітінің имамы Сержантұлы Зулфухардың бастамасымен ауылымыздың апа-әжелері жиналып “әйел және отбасы” атты үлкен рухани іс-шара өтті.
Аталмыш шарада апаларымыз қазақтың кимешек кию дәстүрін қайта жаңғыртып жас келіншектерге үлгі өнеге көрсетті. Ауылымыздың имамы кимешек кию әйелдің абыройын, ар-ұятын сақтаушы әрі ұлттық құндылығымызды да насихаттайды деп, әйел кісінің исламдағы дәрежесі және қоғамдағы әйелдердің орны туралы арнайы уағыз-насихатын айтып өтті.
"Төртбай ата" мешітінің баспасөз қызметі.



28 Қазан 2025
6 Джумада-авваль 1447

