Таяуда Мичиган штаты Дирборн қаласында сегізінші жыл сайынғы мұсылман психологтарының конференциясы өтеді, деп хабарлайды Michigan Radio.
Жиын күн тәртібінде көтерілетін мәселелер ауқымы үлкен – исламофобиялық құбылыстар мен экстремизмнің белең алуы мәселелерінен бастап, мұсылман отбасыларымен жұмыс жүргізетін психологтарды оқыту, әлемдік діндер негіздері, т.б.
Мичиган университеті психиатрия кафедрасының доценті, доктор Фахра Аббасидің пікірінше, бүгінгі басты мәселенің бірі АҚШ мұсылмандарының қоғамның қолдауына мұқтаждығы. Бұл әсіресе соңғы жылдары қатты сезіле бастаған.
Осы мәселені шешуге доктор Фахра америкалық имамдарды шақырды. Психологтар конференциясына штаттағы шамамен 40 имам қатысды деп жоспарланған.
«Ислам дінінде имамның орны айрықша. Олар мұсылман қауымының психологиялық және физикалық тұрғыда сауықтырушысы әрі қорғаушысы» деп атап өтті Фахра Аббаси.