Голливуд жұлдызы Джордж Клуни Берлин қаласында сириялық босқындармен кездесті. Босқындар оған сұрапыл соғыс қасіреті мен бастан кешкен қиындықтары жайында айтып берді.
Д.Клуни өз кезегінде өзінің арғы аталарының да босқын болғанын баяндады. Актердің айтуынша, шығу тегі ирландтық аталары Британияға босқын ретінде қоныс аударған.
Кино жұлдызы сириялық жастардан болашақта қандай білімді меңгеруді қалайтынын сұрады. Сонымен қатар, жиынға әртістің әйелі, белгілі адам құқықтары жөніндегі адвокат Амаль Клуни да қатысып, босқындармен сұхбат құрды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Голливуд актері Германия канцлері Ангела Меркельмен босқындар мәселесінен шешуге қатысты пікір алмасқан болатын.