ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтында «Жазба мәдениетінің рухани құндылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы, Мұсылман ақсақалдар кеңесі, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы, сондай-ақ исламтанушы, дінтанушы, қолжазбатанушы және реставратор мамандар қатысты.
Институт директоры Төрәлі Еділбайұлы қатысушыларға Институттың қызметі, жүзеге асып жатқан жобалар мен жарық көрген еңбектер жайлы ақпарат берді.
Қатысушылар институт бастамаларымен танысып, оң бағаларын берді. Қолжазбалар орталығы тарапынан бірлескен жобалар жасау ұсынысы айтылды.
Басқосу барысында тарихи жазбаларды сақтау, қалпына келтіру және ғылыми айналымға енгізу бойынша ортақ міндеттер белгіленіп, ынтымақтастықты нығайту бағытында уағдаластыққа қол жеткізілді.