Адамдағы ең басты құндылық - иман. Жүрегінде иманы бар адамның ұяты, намысы, адамгершілігі болады. Хаким Абай осы Ұят мәселесіне «Отыз алтыншы сөзінде» терең талдау жасаған. Ол ұяттың тікелей иманмен байланыстылығын паш етіп: «Пайғамбарымыз салалаһу һалайһи уәселәмнің хадис шарифінде айтыпты: «Мән лә хаяһун уә лә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ, деген» деп сөзді хадистен бастайды. Яғни, ұят тікелей иманмен қатысты нәрсе екен. Абай сөзін әрі қарай жалғастырып: «Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «Ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді, ұят, өзі иманның бір мүшесі екен» дейді. Абай атамыздың осы хадисі Әбу Дауд пен Нәсәидің хадистерінде айтылған. Яғни «Иман жетпістен астам мүшеден тұрады. Ұят та иманның бір мүшесі» дейді.
Адамды сыртқы бейнесіне қарап емес, ішкі жандүниесіне қарап бағалаған абзал. Ол қарапайым сатушы я қайыр сұраушы болса да, адамның ішіндегі адамгершілігі кез келген адамды жеңе алады. Тек ұяты бар адам ғана адалдық жасай алады.
Төмендегі бейнероликте менменсіген ердің адал баланың алдында қалай ұятқа қалғаны адамды ойлантарлық.
hibatulla.kz