Түркия тарихында алып мешіт бой көтермек.

Түркия тарихында алып мешіт бой көтермек.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Стамбулда Түркия жеріндегі ең ірі және әлемнің үлкен мешіттерінің бірі саналатын мешіт құрылысы жүріп жатыр.

Күтілетін нәтижеге сүйенсек, алып мешіттің ашылу салтанаты алдағы Рамазан айындағы қасиетті қадір күніне сәйкес 1 шілдеге жоспарланған.

"Чамлыджа" аталатын мешіт 15 мың шаршы метр аумақты қамтиды. Оны Стамбулдың кез келген жерінен көруге болады. Мешіттің 107 метр биіктіктегі төрт мұнарасы, 70 күмбезі бар.

Түркия тарихындағы ең үлкен ислами кешенде бес құлшылық залы, сондай-ақ, ислам тарихы мен мәдениетіне байланысты көркемөнер галереясы, конференц-залы, кітапхана және көлік тұрақтары орналастырылады.

Алып ғибадатхана көлік қатынасы мәселесінде де ерекше орынға айналмақ. Мешітке Стамбул қаласының еуропалық және азиялық бөлігін біріктерген жолмен 10 шақырым жүріп шығуға тура келеді. Қазіргі уақытта құрылыс қарқынды жүргізілуде. 

Строительные работы.

Құрылыс жұмыстары.

hibatulla.kz

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: