Францияда тұрғындардың діни сенімін анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Оның қорытындысы Frontpage Mag басылымында жарияланды.
Сауалнамада жастардың басым бөлігінің (38,8%) дін жайында білімдері таяздығы белгілі болды.
Респонденттердің 33,2%-ы өздерін христиан, ал 25,5% -ы мұсылман екендіктерін мәлім етті. 1,6%-ы иудейлер.
Ал сауалнамаға қатысқан мұсылман жастарының 83%-ы дінді өмірдің басты ұстанымы санайды. Өзге діндегілердің 40%-ы осы ойға қосылды.
Жалпы сауалнама нәтижесіне сүйенсек, Франциядағы мұсылмандар халықтың 8-15%-ын құрайды.