#Шу: “Төле би” мешіттінде облыстық мешіттің ұстазы уағыз жүргізді

#Шу: “Төле би” мешіттінде облыстық мешіттің ұстазы уағыз жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Шу ауданына облыстық “Һибатулла Тарази” мешітінің ұстазы Данияр Карамсаков арнайы іс-сапармен келді.

Ұстаз ауданның орталығында орналасқан “Төле би” мешітіне ат басын бұрды. Аталмыш мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлы жамағатқа қонақты таныстырып, кездесудің маңыздылығын айтып өтті.

Жұма намазындағы уағыз «Үйленудің сауабы мен әдебі» тақырыбында өрбіді. “ Алла Тағала адам баласын бір ер, бір әйелден жұп етіп жаратты. Адам баласының ұрпағы үйлену яғни некелесу арқылы жалғасады. Адам баласын өмір көшін жалғап, ұрпақ сабақтастығын үзбей берекелі қоғам құруы үшін, Алла Тағала үйленіп, отау құруға мұқтаж күйде жаратты…” дейді білікті дін маманы.

Шараның соңында ұстаз облыстық мешіт медресесіне шақырып, діни білімдерді арттыруға жол сілтеді. Көпшілік алғыстарын айтып, намазда бір сап түзеп, дұға-тілектерін бірлікпен тіледі.

Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: