Тамды ауылының имамы Нұрбол Мырзаханұлының ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесіне орай ауыл жастары арасында дін мен дәстүр бағыты аясында мини футболдан жарыс өтті. Аталмыш жарысқа жалпы саны 8 команда қатысты.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен ақшалай және дипломмен марапатталды. 1 орын 50000 теңге, 2 орын 30000 теңге, 3 орын 20000 теңге ақшалай сыйлықтар берілді.
"Тәңкібай ата" мешітінің баспасөз қызметі.