Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы Құрбан айт мерекесінде «Құрбан айт – ұлық мереке» атты қайырымдылық шарасын жүзеге асырды. Аудан бойынша барлық мешіттің имамдары құрбан шалынған малдың еттерін мұқтаж отбасыларға таратуға ат салысты. Биыл құрбан айттың 3 күнінде 500 ден астам мал құрбандыққа шалынып, құрбандық еттері 600 ге жуық отбасыға қайырымдылық ретінде таратылды.
Халқымыз: «Жыртық үйдің Құдайы бар» деген. Бұл – мұқтаж адамды қуанышқа бөлеген пенде міндетті түрде Алланың игілігіне кенеледі деген сөз. Алла Тағала шалған құрбандығымызды, берген садақамызды қабыл етіп, екі дүние нығметін нәсіп еткей! Әумин!
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі