Меркі: Амалдар ниетке байланысты

Меркі: Амалдар ниетке байланысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Андас батыр ауылы «Ар-Рахим» мешітінің имамы Алтынбеков Абдулла құптан намазына жиналған жамағатқа «Ниет» турасында уағыз-насихат айтты.

Ауыл имамы: «Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында амалдар ниетке байланысты» - деген, демек мұсылман пенденің әр бір амалында ниеттің орны ерекше, Алланың разылығынан басқа қандай да бір пенденің мақтауы үшін, болмаса мақтан үшін жасалған істің бәрі бекер болмақ. – деп, жиналған жамағатты тек бір Алланың разылығы үшін құлшылық жауаға шақырды.

Алла Тағала баршамыздың ықылас, ниетімізді қабыл етіп, Өзі разы болған пенделерінің қатарынан болуды нәсіп етсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: