ҚАЖЫЛЫҚҚА ТІРКЕЛІП ҮЛГЕРІҢІЗ!

ҚАЖЫЛЫҚҚА ТІРКЕЛІП ҮЛГЕРІҢІЗ!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрлігі 2025 жылғы қажылық маусымына дайындық жұмыстарды кезең-кезеңге бөліп, нақты мерзімдермен белгілеген.

Атап айтқанда, 2025 жылдың 18 сәуірі қажылық визасын рәсімдеудің соңғы күні болып бекітілген.

Осыған орай, ҚМДБ отандастарымызды 17 сәуірге дейін ресми туроператорлар арқылы үлкен қажылық сапарына жазылу қажеттігін ескертеді.

Себебі 18 сәуірден кейін қажылық визасын рәсімдейтін электронды портал жабылып қалса, қажылыққа ниет еткен ҚР азаматтарының құлшылық сапарына бара алмау қауіпін алға тартады.

Сонымен қатар биыл қажылыққа ниет еткен отандастарымызды лицензиясы жоқ, қажылық орындары берілмеген турфирмалар мен жеке адамдарға жазылмауға және заңсыз әрекеттерге бармауға шақырамыз. 

 

ҚМДБ Қажылық бөлімі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: