“Рамазан сыйы” марафон аясында Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде 100 отбасыға азық – түлік себеті табысталды. Азық-түлік пакеттерін мұқтаж шаңырақтарға Меркі ауданының Бас имамы Азамат Берікұлы табыс етті.
Рамазан айында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесу – үлкен сауапты іс. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады...» – деген.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі