Босқындарға екіқабатты үй салынады

Босқындарға екіқабатты үй салынады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркия үкіметі Сириядан келген босқындарға арнап тұрғын үй кешенін тұрғызуды жоспарлауда.

Екі қабатты үйлер кешені Түркияның  оңтүстік-шығыс провинциясы Килиспен шекаралас Сирия аудандарынан келген босқындарды қабылдауға таяу уақытта әзір болмақ.

Осы аймақта орналасқан лагерьде 2012 жылдан бері 13 мың адам қабылданған. Провинция губернаторы Мұстафа Бюктің айтуынша аталмыш аймаққа 10 мың адамды қамтитын 1 248 екіқабатты үй бой көтереді.

Түркия президенті Тайып Ердоған босқындар мәселесін шешу үшін Батыс Сирия мәселесіне байыппен қарауы керектігін мәлім еткен болатын. Президент бұған дейін батыс елдері жағдайды реттемеген жағдайда Таяу Шығыс елдерінен ағылған босқындар көші Түркиямен шектелмей, Еуропаға көш түзеуі азаймайтынын ескертті. 

e-islam

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: