Үндістанның Махараштра штатындағы Дула қаласында тұратын Анураг Багван және Харшал Патил есімді екі оқушы сыныптастары мен ұстаздарын Құран оқымен қайран қалдырды, - деп хабарлайды үнділік The Siasat Daily басылымында.
Оларда ешқандай діни білім болмаса да, Құран аяттарын айна-қатесіз жаттап, мүдірместен оқи алады. Бұл оқушылардың мектептегі таң намазында байқалған көрінеді.
«Мен Анурак пен Харшалдың Құран аяттарын қатесіз жаттап алғандарын білгенімде, кеудемді мақтаныш кернеді», – дейді мектеп директоры Нилуфер Ансари.
hibatulla.kz


12 Қаңтар 2026
23 Раджаб 1447

