Биылғы жылды Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы муфтиятымыз «Ислам және отбасы құндылықтары» жылы деп жариялады, әлбетте бұл исламда және елімізде отбасының қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
Ислам діні күллі жаратылыстың ішінде, 18 мың ғаламда тек қана адамзатқа ғана парыз етілді. Алла тағала «Ақиқат пен адамгершілікті» басты тақырып етіп «Мәңгілік мұғжиза» /чудо/ Құран-Кәрімді түсірді. Бұған саналы адамды сүйіндірмей қоймайтын Пайғамбарымыз алейһис-саламның сүннеті мен хадисі – «Мен көркем мінезділікті жетілдіру үшін келгенмін» - деген сөзі дәлел.
Отан - отбасынан деген қағида, Отанды сүю иманнан деген хадис, отбасы құнылығының өте терең мағыналы екенін көрсетеді. Біз өз кезегімізде отбасының қызығы, көзіміздің шырағы келешегіміз –жас жеткіншектер туралы сөз етпекпіз.
Бүгінгі күндері «Бұқаралық ақпарат құралдарында» өзекті тақырып болып тұрған «жат ағымдар» және олардың «жасарып» барады дегенін естудеміз. Ақымақ кінәні біреуден іздейді демекші, біз кінәні өзімізден іздеп көрсек.
Зайырлы елміз деп мектеп-мешітке, мешіт-мектепке кірмейді. Рас, балалар дүние білімдерін алуда, жетісіктер де жетерлік, бірақ «Әлемнің екінші атасы»-деп мақтанатын ұлы бабамыз Әл-Фарабидің: «Әдепсіз берілген ғылым, адамзаттың қас-жауын тудырады»-дегенін ескердік пе? «Ғылымның 100-ден 99-ы әдеп, бірі ғана - ғылым» - деген даналық сөз бар.
Ел болам деген жерде «жазылған заңмен» қатар жазылмаған да заңдар болу керек, ол заң «қасиет-кие» ұғымы. Мысалы, Отанымыз «қасиет-кие», табиғатымыз «қасиет-кие» қорғауға міндеттіміз, себебі бір жәндік жойылса экожүйеге әсер етенінін білеміз. Халқымыз аққуды атпайды, еті тәтті болса да, қыздың жолы жіңішке деп жол береді ,қонақ болса да.
Әйел адамға ер адам кие Адам атаның құрметі үшін. Ер адамға қыз бала кие Пайғамбарымыздың «қыз мейірім, қыз-жаннаттың есігі»-дегені үшін. Алла тағаланың «Рахман» атына ұқсау үшін, бізде төңірегімізге қамқоршы болуға тырысамыз, сол сияқты Алланың «Құддұс» киелі деген есіміне де амал етуіміз керек. Мысалыға бір адамдар болады, төңірегін түгел жамандайды, өзінен басқаның бәрі жаман. Бұл қасиетсіздік.
Адам баласының ана тілін, туған жерін, ділін, қасиет-киесін қорғайтын жалғыз дін, атадан жалғасқан дәстүрлі дініміз - Ислам. Осы құндылықтарды муфтиятымыздың бастамасымен таныстырып, насихаттап жүрген имамдарымыздың еңбегі зор.
Ұзын сөздің түйіні мектеп балаларының бос кезінде ораза не жұмада үлкендерге ілесіп мештке баруына мұғалімдердің, ата-аналардың қарсылық білдірмеуін сұраймыз. Адамзат тәрбиелеу оңай емес. Балаңызды өмір бойы ұстап отыра алмайсыз. Ертең-ақ, ержетіп-бойжетіп әлемді шарлап кетеді. Адам бойында Құдай туралы жылы сезімнің бүршік атпауы мүмкін емес. Құдай туралы айтылған сөздердің бәрі ақиқат, бірақ оны кімнен естиді соған ілесіп кетеді.
Анда-санда болсын мешіт көрген, молда көрген ұл-қыз ешқашан, ешқандай секталарға кетпейді. Құран - ғылымдардың атасы. Құран арқылы баланың санасы артып, білімі көтеріледі. Менің тәжірбиемде баланың тілінің күрмеуі шешіліп, мектепке барғанда балаңызды логопедке көрсеттіңіз ба?-дегенін естігенбіз. Құран үйренген баланың Қияметте ата-анасына «тәж»кигізетінін де ұмытпайық!
Ағылшынның басым докторлары-мұсылмандар, зерттеушілер олардың басқалардан айырмашылығы-тек қана Құранда екенін мойындауда. Батыс ақпарат құралдары Исламды қаншалықты жеккөрінішті етіп көрсетсе де, көзі ашық Европа жастары дінімізді көптеп қабылдауда. Балаларының ішімдік-наркотиктерден, ойынханалардан бойларын алыстатып, ар-ұяттарының, мейірім-шапағаттарының артқанын көріп, еріксіз мойындауда. Алла тағала тарапынан әр пайғамдарға берілетін қайтарылмайтын дұғасы болады. Жолына тікен шашып, намазда отырғанда үстіне түйенін ішек-қарын, нәжісін төгіп, басқа да небір қиыншылықтарды көрсе де әз-пайғамбарымыз дұғасын пайдаланбады. Елінен үміт үзген Пайғамбарымыз көрші Таиф қаласын «Хақ дінге» шақыруға барады. Қала басшыларын айтақтауымен көше бойлап тұрған халық екі км бойы үстіне тас жаудырады. Ауыр жарақатталып, етігі қанға толса да Пайғамбарымыз дұғасын өзі үшін пайдаланбады.
Әзірейіл досы келіп: «Сұраңыз жаныңыздың жеңіл алынуын» - дегеніне, - «Жоқ, үмметімді қалай алсаң менікін де солай ал»-деді. Адамзаттың асылы, мейірім пайғамбарды ұлы дұғасын үмметіне, біздер үшін сақтады. Алладан Рахмет! Пайғамбардан шафағат дегеніміз содан екен. Алланың қалауы, сүйіктісі Пайғамбарымызды біз де бәрінен жақсы көреміз!