Жат ағым жарға жығады

Жат ағым жарға жығады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін адамзат баласын бақытқа, бейбіт өмір сүруге жетелейтін жол. Қазіргі таңда қоғамда әр түрлі жарға жығатын жат ағымдардың көбейгендігі жасырын емес. Ол жат ағымның белгілі сипаттарында халық анық-ашық ажырата алады. Өздерінің ағымдарында қатарларын көбейтіп, насихаттарын жеткізу үшін де неше түрлі қулық сұмдыққа баратындары да белгілі. Олар өздерін таныстырғанда жанашыр іспетті, сіз үшін уайымдап, қам жейтін секілді көрінгенімен, мақсаттары сізді усында ұстап, орына түсіріп, пайдалану ғана. Дәстүрлі емес діни ағымдардың анық белгілерінің бірі қазақ халқының сан ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан дәстүрлі Ислам жолын жоққа шығарады.

Салт-дәстүрімізде ата-ананы, туған-туысты құрметтеу міндет екендігін аңғарамыз. Ал жат ағым өкілдері ата-анаң намаз оқымаған болса дінсіз саналып, олардың берген асы адал емес деп түсіндіреді. Дінде ата-анаға уф деген сөздің өзін айтудан қайтарады. Себебі ата-анасы талмай еңбек етіп, қамқорлық жасап, оқытып, белгілі бір дәрежеге жеткізіп, қоғамнан өз орнын табуға көмектескенде оларға жекіп, сөз қайтарып, тыңдағысы келмей, уф шаршаттыңдар дейтін болса, нәзік жүректеріне қаяу салып, ренжіткен болып саналамыз. Ғұрпымызда да ата-анаң жынды болса байлап бақ дейтіндігі содан қалса керек. Ислам деген сөздің өзі бейбіт, тыныштық деген мағынаны білдіреді. Дініміз бен салт-дәстүріміз қоғамда бейбіт өмір сүруімізді, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуімізді, қоғамға пайда келтіруімізді насихаттайды.

Қорыта айтқанда дін мен жат ағымдарды ажырата біліп, ұстағанның қолында, тістегеннің тісінде кетпей, шынайы дінімізбен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді жетік меңгеріп, еліміздің дамуымен, өркендеуіне үлесімізді қосуымыз, азаматтық борышымыз екендігін ұмытпайық.

 

Пирназаров Бауыржан

«Меркі ата» мешітінің наиб имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: