ЖАТ ЖОЛДЫҢ ЗАРДАБЫ

ЖАТ ЖОЛДЫҢ ЗАРДАБЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаға сансыз мадақ,ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!

Асыл дінімізді ұстанған бабаларымыз «Дін-ұстай алсаң қәсиетің,ұстай алмасаң-қәсіретің» деп бекер айтпасы анық.Қаншама ғасырдан бері Ислам дінінің қәсиетін бойларына сіңірген бабаларымыз келешек ұрпаққа үлгі-өнеге,жөн-жоралғыларын мұра ретінде қалдырып кетті.Сара жолды ұстанған асыл бабаларымыз өздерінің жырларында,өлең жолдарында,нақыл сөздерінде насихатын айтып,халықтың көздерін  ашып,көкіректерін оятып отырғанына тарих куә.Сол асыл бабаларымыздың бірі Абай Хәкім (Алла оны рахымына алсын) «Алланың өзі де рас,сөзі де рас,Рас сөз ешқашанда жалған болмас.Көп кітап келді Алладан оның төрті,Алланы танытуға сөз айырмас» деп Алланың бар екеніне,сөзі рас екеніне,кітаптарына иман келтіргендігін көреміз.Иман келтіріп қана қоймай,асыл бабамыз өзінің өлең жолдарымен халыққа насихатын айтып отырды десек қәтелескен болмаймыз.

Алла тағала Құранда «Әрине сендерді қауіп-қатер, ашаршылық және малдардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед с.ғ.с сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр! (2:155)» деп Алла өзінің пайғамбарына пенделерін сынайтыны туралы хабар берді.Тарихқа қарап үңілетін болсақ қазақ халқының басына не келіп не кетпеді?Патша үкіметінің қитұрқы саясаты өз дегеніне жетіп,бүгінгі күнде асыл дінімізді ұстана алмай жүрген қазақ бауырларымыздың қәсіретке ұшырап жүргені қаншама?! Қәзіргі күнде жат ағымдардың  жетегінде кетуге себеп болатын не нәрсе? Оны алдын алудың қандай жолы бар?-деген сұрақтардың жауабын осы мақаламызда айқындап көрелік.

Жат ағымның жетегінде кетуге көбіне себеп болатын нәрсе-діни сауаттың төмендігі.Асыл дініміз иман келтіргеннен кейін білім алуға бұйырады.Алла Құранда«Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білгізді»(Ғалақ сүресі 1-5аят)деп адам баласын оқуға бұйырады.Жат ағым өкілдері көбіне діни сауаты төмен  адамдарға қәсиетті Құранның астарлы мағынада келген аяттарын тікелей мағынада түсіндіріп,астарлы мағынаны жоққа шығарып,өз қатарына қосуға тырысады.Теріс пиғылды адамдарға сауатты,көзі ашық,көкірегі ояу жандарды алдап-арбау  қиынға соғады.Сол себепті дана халқымыз «заманың түлкі болса ,тазы болып шал» деп бекер айтпаса керек.Сондықтан жат ағымның жетегінде кетпеудің бірден-бір жолы-діни сауатты арттыру.Алла тағала Құранда «Білмесеңдер білім иелерінен сұраңдар» (Нахыл сүресі, 43 аят)-деп білімді ілім иелерінен сұрауды бұйырады.Сол үшін діни мағлұматты интернет желісіндегі белгісіз тұлғалардан емес,ҚМДБ өкілдері бекіткен мешіттегі Имам,ұстаздардан сұрап үйренген абзал.Тек осындай жолдармен біз жат ағымның жетегінде кетуден сақтанамыз.Өйткені шынайы ілім адамды қараңғылықтан жарыққа шығарып,түрлі қәуіп-қәтердің алдын алады.

Жат ағымның көбіне қоғамға тигізетін зардабы түрлі күмәнді салып,хақ жолдан тайдыруға тырысады.Халқымыз бұрыннан ұстанып келе жатқан Ханафи мәзһәбі ақидада Мәтруди сенім мектебін жоққа шығарып,екеуін  екі бөліп түрлі күмән салады.Мәселен «Ханафи мәзһәбін ұстанып неге ақидада Мәтрудисіңдер?»деп екі бөлек нәрсе етіп көрсетеді.Шын мәнінде Имам Мәтруди Ханафи мәзһәбінің өкілі және Имам Әбу Ханифаның ақидасының шеңберінің негізінде ақидаға қатысты еңбегін  қалыптастырып кеткен.Өйткені Имам Мәтрудидің заманында түрлі адасқан топтар пайда болуына байланысты ақида саласында көптеген еңбектердің жарыққа шығуына себеп болды.Әлемде мұсылмандардың 90 пайызын сүнниттер,қалған 10 пайызын басқалар құрап тұр.Сол 90 пайыздың 87 пайызын Мәтруди-Әшғари мектебіне қарасты сүннет иелері құрайды.Яғни басым көпшілігін осы Мәтруди-Әшғари сенім мектебі құрайды десек қатты айтқан болмаймыз.Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Шын мәнінде,менің үмбетім адасушылықта бас қоспайды.Егер қарама-қайшылық көрсеңдер міндетті түрде қара топпен (яғни көпшілікпен) бірге болыңдар»-деген.Қәзіргі кезде сүннит мұсылмандарының жартысынан көбі Ханафи мәзһабын ұстанады.Ал Ханафилердің басым көпшілігі Мәтруди сенім мектебін басшылыққа алады.Асыл дінімізді ұстанған асыл бабаларымыз сонау заманнан бері Ханафи мәзһабын,Мәтруди ақидасын ұстанған.Бір мәзһаб,бір сенім болғаннан кейін қазақ даласында дінге қатысты дау-дамайлар болған емес.

Қорыта келе айтатын болсақ Алла Құранда «Алланың жібінен (дінінен) мықтап ұстаңдар,ажырап бөлінбеңдер» (Әл-Имран сүресі,103-аят)-деп бұйыру бекер емес.Өйткені бірлігі кеткен қауымның берекесі болмайды.Сондықтан болса керек дана халқымыз «Бөлінгенді бөрі жейді», «Бірлік түбі-береке», «Алтау ала болса ауыздағы кетеді.Төртеу түгел болса төбедегі келеді», « Біріңді қазақ,біріңді дос,көрмесең істің бәрі бос» деген Құранның қайнар көзін бойына сіңірген бабаларымыздың жоғарыдағы айтылған қанатты сөздерінің пайда болуына себеп болды десек қәте айтқан болмаймыз.

Қияхты ауылы мешітінің
Имамы Нұрдос Нұрғазыұлы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active