Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде тарауық намазына қатысып, жамағатты қасиетті айдың келуімен құттықтады.
Сондай-ақ, Бас мүфти жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы уағыз-насихат айтты. Қасиетті айдың мұсылмандар үшін ерекше мәні бар екенін атап өтіп, оразаның рухани тазалыққа, сабырлыққа және мейірімділікке жетелейтінін жеткізді. Жамағатты Рамазан айында көбірек құлшылық етіп, жақсылық жасауға, ораза уақытын мейлінше мол көркем амалдармен өткізуге шақырды.
Тарауық намазынан кейін жамағатпен бірге еліміздің амандығы мен тыныштығы, халқымыздың бірлігі мен берекесі үшін көпшілікпен дұға жасалды.