Ауғанстанда әйелдерге арналған тұңғыш университетті құру жобасы әзірленуде. Елдің бірінші ханымы Рула Гани және бірқатар министрлер аталмыш жобаға қатысты баспасөз конференциясын өткізді.
«Қыз-келіншектер университетін құру Гани мырзаның сайлау алдындағы уәделерінің бірі еді және біз қазір оны аяқтап қалдық. Өзге университете оқу мүмкіндігі болмаған қыздар жаңа университетте білімін жалғастыра алады» дейді президенттің жұбайы.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін университет құрылысына Кабулде арнайы жер бөлінген. Ауғанстанның Еңбек және әлеуметтік мәселелер министрлігі жобаны іске асыруға атсалысып, жаңа оқу орнын бітірушілердің жұмысқа тұру және білімін жетілдіру бағдарламаларын дайындауға қол ұшын береді.
hibatulla.kz