АҚШ президенті Барак Обама 3 ақпан күні Балтимор қаласындағы мешітке келуді жоспарлап отыр.
Бұл Америка президентінің мемлекет басшысы ретіндегі мешітке жасаған екінші сапары болмақ. Бұған дейін 2010 жылы Джакарта қаласының мешітінде болып қайтқан.
«Президент Мэриленд штатына іссапармен барып, онда Балтимор ислам қауымдастығымен кездесуді жоспарлап отыр. Ақүй хабарламасына сәйкес, кездесуде америкалық мұсылмандардың ортақ қоғамдық құндылықтарға қосқан үлесі мен діни сенім бостандығы мәселесі қозғаламақ».
hibatulla.kz