ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Ислам Маратұлы Астана қаласындағы Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледжінде жас спортшылармен кездесті.
Жиынға аталмыш білім ғимаратының студенттері мен қызметкерлері қатысты. Шара барысында Ислам Маратұлы дәстүрлі дініміздің құндылықтарын насихаттап, жат ағымның арбауына кетпеу мақсатында тәлім-тәрбиелік насихат айтты.
Сондай-ақ қоғамға жат, дәстүрлі емес ағымдардың сипаттарына тоқталып, олардың құрығына түспеу үшін жастарды діни тұрғыдан сауатты болуға шақырды.