Меркі ауданынан шыққан кәсіпкер әрі мешіттің жанашыры Меркібайұлы Дәулет бір жылқы сойып, оның етін жиырма төрт мұқтаж отбасыға үлестірді.
Игі шара барысында ауданның бас имамы Азамат Берікұлы дұға жасап, кәсіпкер бауырымыздың ісіне береке, кәсібіне табыс тіледі және өз алғысын жеткізді.
Көмек алған отбасылар да разылықтарын білдіріп, шын жүректен алғыстарын айтты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі