Биылғы туризм саласындағы бағасы ең қолжетімді ел деп Үндістан мен Индонезия республикалары танылды.
Үндістан мен Индонезияда демалу екі адамға бар-жоғы 40 доллар шығын әкеледі. Егер тағы үнемдеуді қаласа, тәулігіне 20 долларға да жүріп-тұруға болады.
Непал мен Вьетнам елдерінде тынығу 45 долларды құрайды. Ал, Лаостада 55 долларға, Шри-Ланкада 60 долларға қыдыруға болады.
Бұл тізім аталмыш елдерде екі адам үшін тұру, тамақтану және көлік қызметіне жүргізілген талдаулар нәтижесінде жасалып отыр. Ал ұшақпен бару-келу құны бұл тізімге енгізілмеді.
hibatulla.kz