24 млн бала мектепке бара алмайды

24 млн бала мектепке бара алмайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемнің кедей елдерінен 24 млн баланың білім алу мүмкіндігіне қол жетпей отыр. Біріккен ұлттар ұйымының Балалар қорының 22 елге жүргізген зерттеуінің қорытындысы осындай.

Оңтүстік Судан республикасында 51% балалар білімнен мақрұм, Нигерияда – 47%, Суданда – 41%. Ауғанстан бұл тізімнің төртінші орнында: 40% ауған балаларының мектепке баруға мүмкіндіктері жоқ.

«Қарулы қақтығыстар, әскери соғыстар жүріп жатқан аймақтардағы балалар үйсіз-күйсіз өмір сүреді, қауіпсіздік атымен жоқ. Оларға оқу оқып, білім алу тіптен мүмкін емес, ал бұлай жалғаса берсе, балалардың болашағы бұлыңғыр, қоғамға бейімделуі, өмір сүруі қиын болады» дейді БҰҰ Балалар қоры Білім департаментінің басшысы Джо Борн.

Оның айтуынша, балаларды білім беретін қауіпсіз мекемелермен қамтамасыз етсе, олардың қалыпты өмірге бейімделу мүмкіндігі туады.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: