"Мешітте отырған адам Алланың қасында отырғанмен бірдей, сол сияқты ол мешіттің ішінде сөйлемей, тек қана Алла Тағалаға зікір, мадақ айтып отырса, Алла Тағала ол кісіге Нағим жұмақтарынан орын береді" -дейді Хадис шарифте.
Жамбыл облысы Қордай аудандық "Қордай" мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағаты "Нұрислам" мешітінің өңделіп, қайта қолданысқа берілуіне барып қатысты. Әжелер алқасы мүшелері мешітке шашу шашып, дұға -тілек жасап шықты. Жұма намазынан соң ақ дастархан басына жайғасып, дәм ауыз тиді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспаөз қызметі