Жапония мұсылмандары Шизуока қаласындағы мешіт құрылысын аяқтауға қажетті қаражат жинау мақсатында анимациялық жанрлардың бірі аниме әдісін қолдануды жөн санапты.
«Мешіт Жапонияның символы болады. Фудза тауының бөктеріндегі мешіт тек мұсылмандардың құлшылық орны емес, әлем туристтерінің де назарын аударатын болады», – деп санайды Шизуока қаласы мұсылмандары жамағатының өкілі Яссин Эссади.
Әзірге құрылыс жұмыстары үшін ашылған қорға 20 млн иен ғана жиналған. Ал, құлшылық ордасының толықтай тұрғызылып, есігін жамағатқа айқара ашуы үшін 300 млн иен қажет көрінеді.