Үндістандық 40 жастағы Абдул Мәлік есімді мектеп мұғалімі күн сайын жұмысына жүзіп баруға мәжбүр.
Оның мектепке жетуі үшін өзенді кесіп өтуі керек. Сондықтан Абдул Мәлікке көлік дөңгелегін асынып, жиырма бес минут бойы қолындағы түскі асы мен киімін көтерген күйі жүзіп өтуіне тура келеді. Үнділік мұғалімнің қайық сатып алуға қаражаты жоқ, автобус арқылы айналып келу үшін 3 сағаттай уақыт кетеді. Оның өзінде көлік қатынасы тұрақты жүйеге қойылмағандықтан, автобусты да сағаттап күтуге тура келеді екен.
һibatulla.kz