ИШИМ террористері америкалық танымал поп-әнші Джастин Бибер арқылы өз насихаттарын кеңірек айналдыруды жоспарлаған.
Ливанда төрт адамды лаңкестердің өлтіру сәті басылған бейнетаспа интернет кеңістігіне танымал әнші хэштегімен белгіленген. Бұл әлеуметтік желілерде бейнежазбаның кең таралуы үшін жасалған тәсіл екені белгілі болды.
Айта кету керек, ИШИМ ұйымы жазбаларын өздеріне қатысы жоқ хэштегтермен белгілеуі бір бұл емес. Олардың жиі қолданатын хэштегтері қатарында #жедел ақпарат, #Голливуд және #Болливуд сөздері де бар.
e-islam.kz


12 Қаңтар 2026
23 Раджаб 1447

