Бас мүфти Алматыда жиналыс өткізді (ФОТО)

Бас мүфти Алматыда жиналыс өткізді (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Алматыда ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Діни басқарма бөлім басшылары мен дін қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізді.

Бөлім басшыларымен болған жиында «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің басшысы Бейбіт Мырзагелдиев, «Мешіт істері бөлімінің басшысы Жаділлә Бекжігітов, Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, Ғаламтормен жұмыс бөлімінің басшысы Мұрат Әбдіхалықов Бас мүфтиге діни бағытта ақтарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бөлім басшыларының сөзінен кейін жиналғандардың назарын діннің әр саласындағы мәселелерді жіті қадағалап, дамыту туралы нақты міндеттемелер жүктеді.

«Діни басқарманың жұмыс жасау төрт бағыты, Имамдар форумында қабылданған төрт құжаты, Дін мен дәстүр бастамасы дін қызметкерлерінің алдына қоятын мақсаты мен міндеттерін айқындап берді. Діни бағыттағы жұмыс - кез келген тұстан жол салып жүре беруге болатын ашық алаң емес. Ғасырлар бойы қазақ даласында дін ұстанудың жолы, мектебі қалыптасты. Міне, біз ең алдымен сол жүрер жолымызды жүйелеп, бағыт-бағдарымызды айқындап алуымыз керек болды. Діни басқарманың жұмыс жасау бағыттары мен құжаттарын жасаудағы басты мақсатты осы болатын.  Енді осы бағыттарды басшылыққа ала отырып талмай дінге қызмет етуіміз керек», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Барлық айтылған мәселелер бойынша Бас мүфти бөлім басшыларына өз жұмыстарын жандандыруды және 4 бағыт (1. уағыз-насихат, 2. теріс ағымдармен жұмыс, 3. қайырымдылық іс-шаралар, 4. сауат ашу курсы) аясында қойылғанбарлық міндеттерді іске асыруды тапсырды.

ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz



ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: