Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республиклық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығы қарсаңында және 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай алғыс хатпен марапатталды.
«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жұмысына алсалысқан, жоғары азаматтық ұстаным тантып, жұртшылық арасында адалдық, әділдік және парасаттылық қағидаларын дәріптеп насихаттап жүргеніңіз үшін алғыс білдеріміз!», – делінген алғыс хатта.
«Бұл марапат – имамдар қызметінің тек діни мәселелермен ғана емес, сондай-ақ, қоғамның әлеуметтік және рухани дамуына әсер етуге бағытталғанын көрсетеді. Біздің басты мақсатымыз – адалдық пен әділдікке негізделген қоғам құру және Қазақстанның тұрақты дамуына үлес қосу», – деген Бейбіт Әліпбекұлы өз кезегінде, бірлестік өкілдеріне алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру жолындағы жұмыстарын одан әрі жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.