Түркия Дін істері басқармасы бастаған «Әлем тілдері Құраннан құр қалмасын» жобасы аясында жұмыстар жасалуда. Жоба аясында Құран әлем тілдеріне аударылмақ.
Биыл қасиетті Құранның аударма мағыналарын 10 тілде: ағылшын, болгар, украин, қырғыз, албан, португал, босния, кәріс, парсы және литва тілдеріндегі аудармалары басып шығарылмақ.
Айта кетейік, осы тілдерге аударылған Құран кітаптарының тек кітаби ғана емес электронды нұсқасы да қол жетімді болады.
Өткен жылы қасиетті Құран Кәрімнің француз, күрді, армян, румын, орыс, грузин, испан, әзірбайжан, қытай, татар, итальян, қазақ және дат тіліндегі нұсқалары жарық көргенін еске сала кетейік.
hibatulla.kz


12 Қаңтар 2026
23 Раджаб 1447

