Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Әлжан ана ауылы «Құдайберген» мешітінің молдасы Аманбаев Саламат ауылдық әкімшілік ұжымына діндегі кертартпа тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Жиналған мемлекеттік қызметкерлерге «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында жат ағым жайлы түсіндірме жұмыстар жүргізіп, уағыз-насихат айтты. Қазіргі таңда бұл жағдай көп орын алуына байланысты, одан сақтану жолдарын түсіндіріп айтып өтті. Әкімшілік ұжымы да өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын ауыл молдасынан сұрап, жауаптарын ала алды.