Мойынқұм ауданының бас имамы Еспенбетов Рысбай Асылбекұлы Көкжелек ауылдық округінің халқымен кездесу ұйымдастырды. Жиында ауылдық мешіттегі кадр мәселесін шешіп, "Шопан ата" мешітіне имам тағайындау мәселесі қарастырылды.
Көкжелек жұртына жаңа имамды таныстырып,кездесудің басты мақсаты — ауыл халқымен діни қызметкерлердің жұмысын жүйелендіру және халықтың рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету екендігін атап өтті. Ол мешіттегі кадр мәселесін шешудің маңыздылығын айтып, жаңа имамның тағайындалуының діни жұмыстардың сапасын арттыруға, жұртшылықтың сұраныстарын орындауға септігін тигізетінін жеткізді.