Мойынқұм ауылдық мәдениет үйінде "Ислам және дәстүр құндылығы" тақырыбында семинар өткізілі. Іс - шараға Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы, РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы спикер ретінде қатысты.
Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы исламның қазіргі қоғамдағы рөлі мен дәстүрлерді сақтау мәселелеріне тоқталып, қазақ халқының рухани мұрасы мен дініміздің үйлесім табуы жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар, Нұралы Бақытұлы да жастарға дұрыс бағыт-бағдар көрсету, ата-баба салт-дәстүрлерін қадірлеу және исламды терең түсіну маңызды екендігін атап өтті.
Семинар соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, аталмыш іс-шараның олардың рухани дамуында және өмірге деген көзқарасын өзгертуіне септігін тигізгенін айтты. Іс-шараның ұйымдастырылуына жергілікті мешіт ұжымы, әкімдік және мәдениет үйі қызметкерлері атсалысып, мұндай кездесулердің дәстүрге айналуы керектігі жөнінде ұсыныстар жасалды.