Абдулла ибн Аббас, Пайғамбар ﷺ былай деп айтқанын жеткізеді: "Адамдардың көбі қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар, ол – денсаулық және бос уақыт".
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық Қордай мешіті ұстазы Эльмира Аманқожа қызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағаты арасында волейболдан "Спорт-өмір серігі" жарысы өтті. Сайысқа қатысу арқылы әйел-қыздарымыздың салауатты өмір салтына баулу, денені шынықтыру, мықты - сау мұсылман тәрбиелеуге себеп жасау көзделді. Мына қарбалас дүние тіршілігіндегі өздеріне де мән
беріп, денсаулық аманат екенін ұмытпау үшін барын салу керек екені түсіндірілді. Волейболдан бөлек, арқаннан секіру, жаттығулар жасалды. Жарыс жеңімпаздары марапатталып сыйлықтар берілді.