Шу: Ел болам десең, тойыңды түзе

Шу: Ел болам десең, тойыңды түзе

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы мәдениет үйінде «Ел болам десең, тойыңды түзе» атты салтанатты іс-шара орын алды. Қазақ – тойшыл халық. Тәуелсіздік алғалы бері кең-байтақ қазақ елінің қай өңірінде болмасын той дегеніңіздің түрі көбейген. Өмір есігін ашқан шақалақтың шілдеханасынан басталып, тұсаукесер, сүндет той, тілашар, күміс – алтын мерейтойлар, үйлену тойы және қыз ұзату болып жалғасып кете береді. 

Тойдың болғанынан, болары қызық дей келе, заман ағысына қарай той дәстүрі өзгеріп, дастархан жасауы ысырып, ұзақ-сонар тілек пен қазақ салт–дәстүріне жат көріністер болып жатыр. Той–думан мәселесін талқыға салып аудындық мәжіліс залына дін және саясат саласының мамандары бас қосты.

Салтанатты жиында әр тұлға өз пікіріп ашық айтып, дін қызметкерлері асыл дініміз Ислам бойынша түсіндіре отырып, қоғамдағы той өткізу дәстүрін қолға алынды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: