Мәуліт айда мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, ізгілікке ұмтылған жандарға сауап та молынан жазылмақ. Мәуліт айы күллі адамзаттың соңғы пайғамбары туған ай болғандықтан, осы айда істеген іс- әрекетіміздің барлығы пайғамбар сүннетімен болғаны абзал.
Бүгінде «Кәрібай молда» мешітінің Байториева Ғалия ұстаздың демеушілігімен мұқтаж жандарға көмек қолын созу мақсатында жәрменке ұйымдастырды. Аналарымыздың қолынан шыққан үй тәттілері мен пайдалы ұсақ-түйек тағамдардан дәм татты.